Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

«Саламатты мектеп» «Денсаулықты нығайтатын мектептер» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің бірлескен Қазақстан Республикасында мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту жөніндегі 2024 - 2026 жылдарға арналған іс - шаралар жоспарын бекіту туралы бұйрығының шеңберінде «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» («Саламатты мектеп») жобасы жүзеге асырылуда. Бұл бастаманы Қостанай қаласындағы №31 ЖББМ де қолдап, денсаулықты нығайтуға бағытталған көлемді іс - шаралар өткізуде. Аталмыш жоба аясында таңертеңгі жаттығу жұмыстарынан бастап, зиянды, жат қылықтардан аулақ болуға үндейтін, салауатты өмір сүру жолдарына бағытталған іс - шаралар жан - жақты жүргізіледі. Осы орайда бүгін «Қостанай қаласы Білім бөлімінің №31 жалпы білім беретін мектебі» КММ - де директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Койтбаева Зоя Абдигаппаровнаның ұйымдастыруымен 5 - 11 сынып қыздарына арналған «Өзімді және болашағымды қорғау» тақырыбында ауқымды іс - шара өтті. Іс - шараның мақсаты жасөспірім қыздардың өз денсаулығына, психологиялық және әлеуметтік дамуына жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіз мінез - құлыққа үйретуге және болашаққа дайындық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Іс - шараға арнайы қонақ ретінде 1 - ші емхананың психологы Злая Анжела Дмитриевна және акушер Каиль Елена Евгеньевна қатысып, «Өзімді және болашағымды қорғау» тақырыбында лекция оқыды. Оқушылар лекция барысында өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

Сонымен қатар, мектеп психологы Нұрғали Г.М. жыныстық тиіспеушілік мәселесіне тоқталып, жеке шекара туралы ақпарат берді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Койтбаева З.А қыз баланың ұлттың болашағы, ертеңгі аналардың бейнесі, сондықтан болашақ ана ретінде қыз баланың тәрбиесі ерекше мәнге ие екендігін атап өтті. Қыз балаға кішкентайынан мейірімділік, әдептілік, жауапкершілік, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді сіңіру - отбасының да, қоғамның да басты міндеті. Тәрбиелі қыз - өнегелі ана, ал өнегелі ана - саналы ұрпақтың негізі. Сондықтан қыз баланың білімді, тәрбиелі, өзіне сенімді болып өсуі елдің келешегіне тікелей әсер етеді. Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев: «Бірінші кезекте балаларды қолдау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытындағы нақты шаралар қолға алынуы керек», - деген болатын. Бұндай кездесулердің оқу нәтижелерінің жақсаруына, сабаққа бармау жағдайларының азаюына, психикалық денсаулыққа қолдау көрсетілуіне, салауатты әдеттердің қалыптасуына және қауіпсіз және қолайлы ортаны құруға деген ұмтылысқа ықпалы зор. Сондықтан мұндай іс - шараларалдағы уақытта да жалғасын табады.