Өрттің алдын алу – әрқайсымыздың қауіпсіздігіміздің кепілі. Осы мақсатта өрттің алдын алу айлығы аясында білім алушылар мен ата-аналарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету және өрттің алдын алу жолдары туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыз:
-
отпен және сіріңкемен ойнамаңыз;
-
электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз;
-
эвакуациялық шығу жолдарын бөгемеңіз;
-
өрт кезінде лифтіні пайдаланбаңыз;
-
қауіп төнген жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.
Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің жауапкершілігі, ал қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр адамның міндеті.
Сақтық – қауіпсіздік кепілі! Өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды қорғаңыз!


