Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім алушылардың бойында адалдық, әділдік пен жауапкершілік құндылықтарын нығайту мақсатында кезекті «Парасаттылық сағаты» акциясы өткізілді.

Аталған іс-шара 2026 жылғы 15–19 қыркүйек аралығында мектебімізде «2026 жылға арналған білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес ұйымдастырылды.

«Парасаттылық сағаты» барысында оқушыларға адалдық, ар-ождан, әділдік, жауапкершілік, заңға құрметпен қарау ұғымдарының маңызы түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері туралы ақпарат берілді.

Оқушылар өз ойларын ортаға салып, өмірлік жағдаяттарды талқылау арқылы адал шешім қабылдау, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарау және қоғамдық ортада парасаттылық қағидаларын ұстану жөнінде пікір алмасты.

Осындай тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақтың бойында жемқорлыққа қарсы берік көзқарас қалыптастырып, адал еңбек пен әділдікті өмірлік қағида ретінде қабылдауына ықпал етеді.

Парасаттылық – тұлғаның айнасы, адалдық – қоғамның берік негізі!

#Парасаттылық_сағаты #Заң_мен_тәртіп #Сыбайлас_жемқорлыққа_қарсы_мәдениет #Адал_азамат #Тәрбие_жұмысы