Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) серіктестігімен, «Дислексия – бұл сый» қоғамдық қоры директоры Елена Сергеевна Данилова атынан, Жарғыға сәйкес әрекет ететін , «Neco» экологиялық клубы» қоғамдық қоры төрағасы Бирмағамбетов Наурызбек Мерекешұлы атынан, Жарғыға сәйкес әрекет ететін және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №31 жалпы білім беретін мектебі" КММ директоры Баяхметова Орынкул Балгабаевна атынан, Жарғыға сәйкес әрекет ететін, аталмыш ұйымдардың арасында әлеуметтік ынтымақтастық келісімшарты құрылған болатын. Бұл келісімшарт бойынша климаттың өзгеруі мен апат қауіп-қатерін азайту мәселелері бойынша берілетін дағдыларды дамыту және жобалық оқыту жобасын бірлесе ілгерілету мақсатында "Samgau - мектеп" деп аталатын жоба аясында тараптар өзара сыйластық, сенім және серіктестік негізінде ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді. Жоба аясында жыл бойы оқушылар арасында климаттық тақырыптарды насихаттау және апат қаупін азайту мақсатында оқыту семинарлары, тренингтер, вебинарлар және басқа да іс-шаралар жеке жасалған жоспар бойынша өтті. UNICEF және Дислексия Қоры ресурстарды және сарапшылық қолдауды ұсыну, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен байланыс орнату және жобаны қаржыландыруға көмектесу үшін жауапты болды. Олар жобаны әкімшілік басқарумен ұйымдастыруға, сараптамалық қолдау көрсетуге, жоба ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге, дислексиясы бар балалармен және жобаның шеңберінде басқа білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауға көмек көрсетуді өз мойнына алды. Ал Neco білім беру мекемелерін үйлестірумен, жобамен байланысты деректерді жинау және талдаумен, сондай-ақ жобаны өз желілерінде таратуымен айналысты. Мектеп ұйымның бір немесе бірнеше өкілдерінің педагогикалық құрамнан онлайн сабақтарда тренер-ментор ретінде оқытуға қатысуына, оқушыларға жоба бағдарламасы бойынша оқыту ұйымдастыруға және мектеп оқушыларының жобаны жүзеге асыруына, соның ішінде ЮНИСЕФ серіктесінің қаржыландыруын алғандар мен алмағандар үшін де қолдау көрсетті. Бұл жоба аясында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Койтбаева Зоя Абдигаппаровна тренер-ментор ретінде курсқа қатысып сертификатқа ие болды. Мектеп оқушылары «Neco» экологиялық клубы» қоғамдық қоры ұйымдастырған экологиялық конкурстарға белсене қатысты. Облыстық "Экофестиваль-2025" іс-шарасына қатысқан оқушыларымыз 3 алаң бойынша тимбилдинг, шебер-сыныптарға қатысып, өздеріне қажет ақпараттарды ала алды.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ

