Мектебімізде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық кездесулер өткізілді.
Қостанай қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің ҚҚБ ювеналдық полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Р.М. Сумамбаев 8-сынып оқушыларына «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында оқушыларға терроризм актісі туралы жалған ақпарат таратудың қоғамға төндіретін қаупі мен құқықтық салдары түсіндірілді. Сондай-ақ кез келген күмәнді жағдайға жауапкершілікпен қарап, жалған хабарлама таратпау және тек ресми ақпарат көздеріне сену қажеттігі ескертілді. Дәріске 101 білім алушы қатысты.
Сонымен қатар Қостанай қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция лейтенанты Р.Е. Сейтхан 1-сынып оқушыларына «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!» тақырыбында дәріс өткізді. Кішкентай жол қозғалысына қатысушыларға көшеден қауіпсіз өту, бағдаршам белгілерін сақтау, жаяу жүргіншілер өткелін дұрыс пайдалану және жол бойында мұқият болу ережелері түсіндірілді. Балалар сұрақтарға белсенді жауап беріп, жол қауіпсіздігі жөніндегі білімдерін толықтырды. Профилактикалық іс-шараға барлығы 191 оқушы қатысты.
Осындай кездесулер оқушылардың құқықтық мәдениетін арттырып, өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!


