Биылғы оқу жылында "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында жаңа және қызықты бастама – мектепті дамыту және құндылықтарды қалыптастыру бойынша шығармашылық тобының жұмысы басталғанын қуана хабарлаймыз!
Бұл топтың құрамына тәжірибелі педагогтар мен жас мамандар енді. Олардың мақсаты – мектептегі білім беру үрдісіне ұлтық құндылықтарымды дәріптей отырып, оқытудың озық әдістемелерін талқылау және мектебіміздің бірегей құндылықтарын көрсету. Біздің ұстаздарымыздың бірлескен күш-жігері мен шығармашылық идеялары мектеп қауымдастығын дамытып, оқу процесін бұдан да қызықты әрі тиімді ететініне сенімдіміз.
Бұл маңызды жобаның жетекшісі – бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Қымбат Сапабековна болып тағайындалды. Оның кәсіби білімі мен тәжірибесі бұл топты жаңа жетістіктерге жетелейтініне сенімдіміз.
Біз Қымбат Сапабекқызына және бүкіл шығармашылық топқа шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз! Мектебіміздің дамуына үлес қосып, білім беру саласында жаңа белестерді бағындыра берейік.


