Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Құрметті әріптестер, сүйікті оқушылар, қадірлі ата-аналар! Келешек мектебінің салтанатты ашылғанына бір жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл бір жыл – ізденіске, жаңашылдыққа, бірлік пен ортақ мақсатқа толы маңызды кезең болды. Мектептің қалыптасуы мен дамуына әріптестеріміздің тынымсыз еңбегі, ал ата-аналардың сенімі мен қолдауы зор үлес қосты.

Бүгінгі жетістіктеріміз – ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігінің, оқушыларымыздың талпынысының, ата-аналармен орнаған тығыз әріптестіктің нәтижесі. Алда да бірлесе еңбек етіп, сапалы білім мен саналы тәрбие жолында биік белестерді бағындыра беретінімізге сенім мол. Ұлы хәкім Абай айтқандай, «Толық адам» болудың негізі – ақыл, қайрат, жүректің бірлігі.

Біз тәрбиелеп отырған ұрпақ осы үш қасиетті бойына сіңіріп, елге қызм ет ететін саналы азамат болып қалыптасуына бар күш-жігерімізді саламыз. Келешек мектебі дәл осы ұлы мұратқа адал болып, адамгершілік пен білімді ұштастырған қасиетті орда болып қала берсін! Сіздерге зор денсаулық, үлкен табыс тілеймін!

Ізгі тілекпен, мектеп директоры Орынкул Балғабаевна