Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойғы арманы орындалып, егемен ел болған қасиетті әрі тарихи мереке. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың аманаты, болашақ ұрпақтың жарқын келешегіне берілген ұлы мүмкіндік.
Білім алушыларымызға елін сүйетін, білімді де саналы азамат болып қалыптасуларыңызға тілектеспін. Қымбатты ұстаздар, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берудегі ерен еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Ардақты ата-аналар, ұрпақ тәрбиесіндегі қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.
Еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Әр шаңыраққа береке-бірлік, денсаулық пен мол табыс тілеймін. Тәуелсіз
Қазақстанымыздың болашағы жарқын болғай!
Ізгі тілекпен, мектеп директоры О.Б.Баяхметова


