Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурыз, Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – нәзіктік пен мейірімнің, сұлулық пен жылулықтың мерекесі.
Ана - өмірдің шуағы, отбасының берекесі. Ал қыз-келіншектер - қоғамымыздың көркі, болашағымыздың үміті. Сіздердің мейірімдеріңіз бен қамқорлықтарыңыз, ақыл-парасаттарыңыз бен еңбектеріңіз әрқашан жоғары бағалауға лайық. Мектебіміздің дамуына қосып жүрген үлестеріңіз үшін зор алғыс білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға береке тілеймін! Әр күндеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болып, жүздеріңізден күлкі кетпесін. Көктемдей құлпырып, әрдайым бақыт пен махаббатқа бөлене беріңіздер!
Ізгі тілекпен,
Мектеп директоры Баяхметова Орынкул Балгабаевна


