Қостанай қаласының мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Күй - ұлт қазынасы» атты қалалық байқау ұлттық өнеріміздің терең тамырын танытып, жас ұрпақтың рухани дүниесін байытқан тағылымды да мәні зор шараға айналды. Бұл байқау - ата-бабадан аманат болып жеткен күй өнерін насихаттап қана қоймай, дарынды жас күйшілердің шеберлігін шыңдап, олардың өнерге деген құштарлығын арттыруға үлкен мүмкіндік берді.
Осынау өнер додасында мектебіміздің намысын қорғаған дарынды домбырашыларымыз Тұяқ Ержан мен Бақытбек Дінәсыл өз өнерлерімен ерекшеленіп, жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберліктерін көрсете білді. Олар байқау барысында қазақтың дәстүрлі күйлерін нақышына келтіре орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Нәтижесінде, жас күйшілеріміз жүлделі II орынды иеленіп, үлкен жетістікке қол жеткізді.
Әрбір орындалған күйден ұлттық мұраға деген терең құрмет, өнерге деген шынайы сүйіспеншілік және домбыраның үні арқылы жеткізілген асқақ рух айқын сезілді. Жас өнерпаздардың сахнадағы сенімділігі мен орындаушылық мәдениеті олардың болашағынан зор үміт күттіретінін көрсетті.
Бұл жетістік - тек орындаушылардың ғана емес, оларды тәрбиелеп, бағыт-бағдар берген ұстаздарының да еңбегінің жемісі. Осындай байқаулар жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, қазақ күй өнерінің мәңгілік жасай беретінін дәлелдейді.
Жеңістеріңіз құтты болсын! Ұлттық өнердің мәртебесін асқақтатып, шығармашылық шыңдарды бағындыра беріңіздер!

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ

