Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Биылғы оқу жылында мектебімізде Жетісу облысының тәжірибесіне сүйенген, құқық бұзушылықтың алдын алуға және оқушылардың адамгершілік-құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған пилоттық жоба басталды.
Жоба аясындағы «Зайырлы мемлекет» айлығында ментор-ассистент, Ішкі істер министрлігінің ардагері, полицияның запастағы аға лейтенанты Мурзабаева Әсем Исимханқызы 8 «Ә» сынып оқушыларына «Қауіпсіздік және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушылар жағдаяттық қойылымдар қойды, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Әсем Исимханқызы дәріс соңында жеке әңгімелесу өткізді. Алдағы кездесулерде де оқушылармен есірткіге, ойынға тәуелділіктің, экстремизм мен кибербуллингтің алдын алу, сондай-ақ қоғамдық орындарда өзін ұстау ережелері талқыланады.