Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қалалық мини футбол жарысында мектебіміздің командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді! Бұл - табандылық пен жүйелі дайындықтың, командалық рух пен бірліктің айқын нәтижесі.

Команда жетекшісі Қонарбай Райымбек Д. шәкірттерін жарысқа сапалы дайындап, тактикалық сауаттылық пен жеңіске деген жігерді қалыптастыра білді. Ұжымдық ойын өрнегін көрсеткен спортшыларымыз әр кездесуде мінез танытып, соңына дейін күресті.

Жарыс барысында ерекше шеберлігімен көзге түскен Закир Асылжан «Үздік қорғаушы» атанып, өзінің кәсіби деңгейін дәлелдеді. Қорғаныстағы сенімді ойыны, жылдам шешім қабылдауы және алаңдағы жауапкершілігі команда жетістігіне үлкен үлес қосты.

Жеңістеріңіз құтты болсын!

Спортшыларымыздың алар асуы әлі алда. Алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындырып, мектебіміздің мерейін үстем ете беріңіздер!

Жарайсыздар!