Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Бүгін білім алушылардың интернеттегі қауіпсіздік туралы білімін кеңейтіп, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, сондай - ақ шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында тағылымды кездесу өтті. Екі мектептің білім алушылары өзара тәжірибе алмасу үшін «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №31 жалпы білім беретін мектебі» КММ арасында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында бас қосты.

Кездесу барысында білім алушылар интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы өз ойларын еркін ортаға салып, салған суреттері мен жазған эсселерін көпшілікке ұсынып, мазмұнды пікір алмасты. Кездесу соңында білім алушылар бір - бірін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жаңа жылда сәттілік, білімге құштарлық пен қауіпсіз әрі пайдалы интернет тілеп, жылы лебіздерін білдірді.