Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

№31 «Келешек» мектебінің 1 жылдық мерейтойына орай аналар қауымдастығы арасында ұйымдастырылған «Директор кубогы» волейбол турнирі жоғары деңгейде өтті. Аталған спорттық шара ата-аналардың спортқа деген қызығушылығын арттыруды, салауатты өмір салтын насихаттауды, сондай-ақ мектеп пен ата-аналар қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды мақсат етті.

Іс-шараның ашылу салтанатында мектеп директоры Баяхметова Орынкул Балғабайқызы қатысушыларды мектептің 1 жылдық мерейтойымен құттықтап, мұндай игі бастамалардың алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын атап өтті. Волейбол турниріне барлығы 7 команда қатысып, жарыс аса тартысты әрі қызықты өтті. Аналарымыз ойын барысында белсенділік танытып, спортқа жақын екендіктерін, ұйымшылдық пен командалық рухтың үлгісін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, кубоктар, медальдар, дипломдар мен мадақтамалар салтанатты түрде табысталды. Сонымен қатар, ерекше шеберлігімен көзге түскен ойыншылар «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды. Бұл турнир мектеп өміріндегі жарқын әрі мағыналы іс-шаралардың бірі болып, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.