Бүгін 6-сынып оқушысы Шомытов Алижан мен 4-сынып оқушысы Елеукин Исламхан өздерінің ғылыми жетістіктерімен бөлісу үшін «Алау» телеарнасының тікелей эфиріне қатысып қайтты! Оқушыларымыз «Зерде» ғылыми жобалар байқауында информатика, робототехника және математика бағытында ерекше нәтиже көрсетіп, өздерінің ізденімпаздығы мен шығармашылығын танытқан болатын. Осы жетістік – еңбектің, ізденістің және ұстаздардың қолдауының нәтижесі. Жетекшілері Гүлдана Асқарқызы мен Нургуль Нурланқызына дарынды, талантты, ізденімпаз оқушыларыңыз көп болсын дегіміз келеді! Мектеп ұжымы атынан Исламхан мен Алижанды шын жүректен құттықтаймыз!

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ

