«Дарынды балаларға - талантты мұғалім» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты - жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін - өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау; жас мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру болып саналады.
Педагогикалық Олимпиаданың облыстық кезеңіне әр аудандар мен қалалардың білім беру ұйымдарының 0 - 5 жыл еңбек өтілі бар тәлімгер, психолог, әр пән бойынша жас ұстаздар қатысты.
Біздің мектебімізден педагог - психолог Нұрғали Гүлнұр Мейрамқызы аталмыш олимпиадаға қатысты. Олимпиада барысында сайысқа түскен әріптесіміз заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін, өзінің кәсіби іс - тәжірибесін, жұмыс жүйесінде қолданып жүрген идеялары мен жобаларын көрсетті.
2 орын иеленіп, жеңіспен оралған әріптесіміз Нұрғали Гүлнұр Мейрамқызын лайықты жеңісімен құттықтаймыз.


