Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Мектебімізде ата - аналарға арналған «Буллингсіз орта - қауіпсіз мектеп кепілі!» тақырыбында маңызды жиналыс ұйымдастырылды.

Жиынның мақсаты - білім алушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, буллингтің алдын алу және ата - ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Кездесу барысында буллингтің түрлері, оның бала психикасына әсері, ерте белгілерін анықтау жолдары және алдын алу шаралары жан - жақты түсіндірілді. Ата - аналарға балаға қолдау көрсету, сенімді қарым-қатынас орнату, мектеппен тығыз байланыста болудың маңыздылығы айтылды.

Жиналысқа Қостанай қаласы білімі бөлімінің ақпарат бөлімінің әдіскері Сагиндыкова Асия Курмангалиевна қатысып, ата - аналарға пайдалы ұсыныстар мен практикалық кеңестер берді, сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.

Осындай бірлескен жұмыстар арқылы біз балаларымыз үшін қауіпсіз, мейірімді әрі қолайлы мектеп ортасын қалыптастырамыз.

Бала қауіпсіздігі - бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз!