Білім беру айдары! «BilimClass» электрондық журнал және күнделік модулін жүйелі, сапалы толтыру. 2026 жылдың 30 қаңтары күні мектептін педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында маңызды іс-шаралардың бірі өтті. Аталған іс-шараны мектеп директорының орынбасарлары Г.М.Кудесова, Ж.О.Сакиева, Г.У. Исмагулова ұйымдастырып, педагогтерге «BilimClass» электрондық журнал мен күнделік модулін тиімді, дұрыс және сапалы жүргізу бойынша қайта нақты нұсқаулықтар берді. Кездесу барысында журналды толтырудағы өзекті мәселелер талқыланып, тәжірибелік кеңестер ұсынылды. Педагогтер өз сұрақтарына жауап алып, цифрлық құжаттамамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді. Мұндай әдістемелік қолдаулар оқу үдерісінің сапасын арттыруға және бірізділікті сақтауға үлкен септігін тигізеді.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ

