Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі. Осы орайда 2025 жылғы қарашаның 15-25 аралығында мектебімізде Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік жоспарланып, кең ауқымда ұйымдастырылып өткізілді.
НЕГІЗГІ ІС-ШАРАЛАР
«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өзекті бағыттар»
Мектеп оқушыларына “Мен не дұрыс, не бұрыс екенін білемін! “ тақырыбында сабақтар жүргізілді. Мақсаты: оқушыларда зорлық-зомбылықтың формалары мен жеке шекаралар туралы түсінік қалыптастыру, зорлық-зомбылықты тану және қауіпті немесе қолайсыз жағдайлардағы қауіпсіз мінез-құлық үлгілерін дамыту. Қамту: 150 оқушы.
«Бақытты бала – бейбіт елдің тірегі»
«Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету» бойынша іс-шаралар ата-аналар қоғамдастықтарымен бірге өткізілді. Қамту: 30 ата-ана.
«Қамқорлық және сүйіспеншілік»
Ата-аналар мен балалардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында психологиялық қолдау орталықтарында консультациялар мен кәсіби психологиялық көмек көрсету үшін ашық есік күндері өтті. Қамту: 15 ата-ана.
«Интернетті білім алуда пайдалану: пайдасы мен қаупі»
"Цифрлық әлемде қорғанудың жолдары" тақырыбында 8-9 сынып білім алушылары арасында танымдық іс - шара өткізілді.
«Ережесін білсем, интернет менің досым» пікірталас барысында оқушылар интернеттің мүмкін қауіптері мен қауіпсіз пайдалану ережелері туралы негізгі ұғымдар бойынша талқыға түсті. Қамту: 244 оқушы.
Сондай-ақ 5–7 сынып оқушылары арасында «Жасанды интеллекттің білім алудағы пайдасы мен қаупі» тақырыбында қызықты дебат сайысы өтті.
Оқушылар жасанды интеллекттің оқу процесіндегі мүмкіндіктері мен ықтимал қауіптері туралы өз көзқарастарын еркін білдіріп, нақты дәлелдер келтірді. Пікірталас барысында олар сыни ойлау, сөйлеу мәдениеті, қарсы дәлелге жауап беру сияқты маңызды дағдыларын көрсетті. Әр команда өз ұстанымын дәлелдермен қорғап, ойларын әрі нақты, әрі сенімді жеткізе білді. Қамту: 15 оқушы.
«Мен және менің ата-анам», «Ынталандыру және жазалау», «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» - сыныптық ата-аналар жиналыстары өтті. Жиналыс барысында балаға дұрыс мақтау айту, шектен тыс жазаламау, бала психологиясын ескеру мәселелері талқыланды. Қамту: 46 ата-ана.
Әлеуметтік желіге жарияланған материалдардың сілтемелері:
https://www.instagram.com/p/DRRqZ70iC01/?igsh=ZGx6aDVjYjgxZDI5
https://www.instagram.com/p/DRT30OViG5B/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DRUE2XRD7wo/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DRPgo6ADy3j/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DRT1ao1D-t8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DRUlafBD_77/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==


