Ауыл мектебі - ел болашағының берік іргетасы.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және Павлодар облысы білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өткен «АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ: ІЗДЕНІСТЕР, МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға спикер ретінде қатысу - үлкен мәртебе болды.
Конференцияда:
- Кудесова Гульдира Максутовна - Қостанай қаласы №31 жалпы білім беретін мектебінің директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары, математика пәні мұғалімі «Цифрлық трансформация: даму перспективалары мен жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында;
- Койтбаева Зоя Абдигаппаровна - Қостанай қаласы білім бөлімінің №31 жалпы білім беретін мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Қамқор мектеп - келешек мектебінің ажырамас бөлігі» тақырыбында спикер ретінде қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Ауыл мектептерінде қауіпсіз, инклюзивті және жайлы білім беру ортасын қалыптастыру - бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта тәжірибе алмасу, тың идеялар мен нақты шешімдер ұсыну - конференцияның басты құндылығы болды.
Спикерлердің шынайы тәжірибесі, әсерлі оқиғалары мен пайдалы кеңестері ерекше шабыт сыйлады.
Осындай мазмұнды әрі маңызды алаң ұйымдастырған Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұжымына шексіз алғыс білдіреміз!


