Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысын тиімді жүзеге асыру мақсатында мектебімізде 2026 жылдың 06 ақпан күні 3 "Ә" сыныбында "Бала көңілі - базар" тақырыбында ерекше іс - шара өткізілді. Ата - аналарды қолдау ретінде түрлі сұрақ - жауап әдісі жүргізіліп, немересінің іс - шарасына арнайы келген 84 жастағы Аланның әжесі де болды. Әжеміздің ақылы мен батасы кейінгі жас аналарға үлгі ретінде айтылып, жас аналар құптады, баланың бойындағы "ашу, ыза, қорқыныш, мұң" тақырыптарын жеке - жеке талдай отырып, ұлттық құндылықтың, ұлттық тәрбиенің мән - мағынасы келер ұрпақтың тәрбиесі үшін маңызы зор екендігіне тоқталды. Ертеңгі мен бүгінді салыстырып, келешектің қамын ойлай алатын білімді де дарынды ата - аналарына алғыстарын жаудырып, келген ата - аналардың ризашылықтарына бөленіп тарқасты.