Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Мектебімізде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында, "Шабыт" шығармашылық жобасы аясында мектебіміздегі 2-4 сынып білім алушыларының арасында күздің сұлулығын, табиғаттың тылсымын және жыл мезгілінің ерекше көріністерін бейнелеген "АЛТЫН КҮЗДІҢ ЕРТЕГІЛЕРІ" атты театрландырылған ертегілер қойылымынан байқау өткізілді. Байқау барысында көрермендер назарына 2 - сынып білім алушылары "Шалқан", 3 - сынып білім алушылары "Күзгі ормандағы оқиға", 4 - сынып білім алушылары "Ғажайып бақ" ертегілерін ұсынды. Байқау кезінде ертегілік кейіпкерлермен бірге күз әлеміне саяхат жасап, жыл мезгілінің терең мағынасы сезілді. Білім алушылардың актерлік шеберлігі, көз тартарлық костюмдері мен жүрекпен жеткізілген өнері барша көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, әділ қазылардың әділ шешімінен жүлделі орындармен қатар лайықты номинацияларға да ие болды. Келешек мектебінің келешек жұлдыздарына тек қана сәттілік тілейміз!