Қостанай қаласы ПБ УИП, ГЮП, ООБ, СОП УП қызметкері, полиция капитаны Лукасевич Л.М. 9–10 сынып оқушылары арасында профилактикалық дәріс-әңгіме өткізді.
Мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз орта қалыптастыру және зиянды әдеттердің алдын алу.
Кездесу барысында келесі маңызды тақырыптар қамтылды:
- Мектеп аумағына өткір және кескіш заттарды алып кіруге тыйым салу;
- Темекі өнімдері мен электронды сигареттерді қолдануға тыйым салу;
- Түнгі уақытта ата-аналар мен ересектердің қарауынсыз түнгі сағат 22.00-ден таңғы сағат 06.00-ге дейінгі уақытта жүрмеу.
Іс-шараға барлығы 122 оқушы қатысты.
Қауіпсіз мектеп – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!


