Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Қостанай облысының Мендықара, Рудный және Б.Майлин білім беру ұйымдарының ақпараттандыру жөніндегі орынбасарларына «Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбындағы ақпараттандыру жөніндегі директордың орынбасарына арналған ақпараттық - әдістемелік нұсқаулық авторлық жұмысы бойынша педагогикалық тәжірибені білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары Кудесова Гульдира Максутовна, Сулекина Нургуль Мырзашевна, Козка Асем Калдыбековна жоғары кәсіби деңгейде мазмұнды трансляциялау өткізді.

Тәжірибе алмасу барысында ақпараттандыру жөніндегі білім беру ұйымы директорының орынбасарының қызметі туралы жүйелі заңнамаларды сүймелдеу арқылы ақпарат берілді, ақпараттық қауіпсіздік және заманауи коммуникациялық құралдарды қолдану жолдары жан - жақты қарастырылды. Авторлық нұсқаулықтың тәжірибеге бағытталған мазмұны қатысушыларға нақты әдістемелік көмек көрсетіп, күнделікті жұмысында қолдануға мүмкіндік берді.

Тәжірибе алмасу соңында қатысушылар ұсынылған материалдың өзектілігін, құрылымының түсініктілігін және практикалық маңыздылығын ерекше атап өтті. «Нұсқаулықта берілген ұсыныстар нақты, жүйелі және қолдануға өте ыңғайлы», «Ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша көптеген жаңа идеялар алдық», «Тәжірибелі әріптестердің жұмысымен танысу кәсіби дамуға үлкен серпін берді» деген жылы пікірлер білдірілді. Қатысушылар авторларға ризашылықтарын айтып, осы авторлық жұмысты алдағы уақытта өз жұмыстарында қолдануға қызығушылық тілектерін білдірді. Әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз!