Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Наурыз мерекесіне орай мектебімізде «Армысың, Әз Наурыз» атты кең көлемді, тағылымы мол іс - шарасы өтті.

Бұл мерекелік кеште 5 - 9 сынып оқушыларынан құрылған «ауылдар» қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан және асыл мұраға айналған салт - дәстүрлерін сахналық қойылым арқылы жаңғыртты. Атап айтқанда, «Ерулік» дәстүрі, «Бесік той», «Құдалық», «Қырқынан шығару», «Тұсаукесер» сынды тәрбиелік мәні зор көріністер көпшілікке ұсынылды. Әр қойылым көрерменге ұлттық құндылықтардың терең мағынасын сезіндіріп, ерекше әсер сыйлады.

Сонымен қатар, мерекенің шырайын кіргізген ақ жаулықты әжелер ансамблінің өнері барша көрерменнің жүрегінен орын алды.

Олардың әуелете салған әндері мен ақ тілектері Наурыздың шынайы рухын сезіндірді. Бұл іс - шара - ұлттық дәстүрді дәріптеп, жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңірудің жарқын үлгісі болды.

Наурыз - жаңару мен жақсылықтың бастауы!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

#Адалазамат #Наурыз2026 #АрмысыңӘзНаурыз #ҰлттықДәстүр #РуханиҚұндылықтар #Nauryznama2026 #ҰлыДалаНаурызы