Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

«1000 көшбасшы» жобасы: «Келешек мектептері» ұжымы жаңа жетістікпен толықты!

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Оқу - ағарту министрлігі 2023 жылдан бастап Президенттік жастар кадрлық резерві үлгісіндегі «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» ауқымды жобасын іске асырып келеді.

Жобаның негізгі мақсаты: білім беру жүйесін жаңғыртуға, басқару тиімділігін арттыруға және оң өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті жаңа буын көшбасшыларын даярлау.

Бүгін, 22.10 Оқу - ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жобаның қорытынды кезеңінде кадрлық резервке енген педагогтермен кездесті. Солардың қатарында Біздің мектебіміздің маманы - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кулмагамбетова Ботагөз Жумагалиевна осы беделді «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» резервистерінің тізіміне енді!

Бұл жетістік - «Келешек мектебі» ұстазының жоғары кәсіби деңгейін, жаңашылдыққа деген ұмтылысын және білім беру жүйесіндегі маңызды өзгерістерге қосуға дайындығын көрсетеді.

Әріптесімізді бұл зор жеңісімен құттықтаймыз және оның жаңа басқарушылық міндеттерінде табыс тілейміз!