Бұл апталық — ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин айтқандай, «мектептің жүрегі» болып табылатын, қадірлі ұстаздарымыздың қажырлы еңбегіне тағзым етуге арналған ерекше уақыт.
29 қыркүйек күні «Үздік педагог күні» ретінде аталып, мынадай іс-шаралармен басталады:
- «Мұғалімге шын жүректен» атты мерекелік челлендж.
- Мектеп ұстаздарының арнайы жасаған кәсіби көрмесі.
Апта бойы біздің мектепте ұстаздардың шеберлігін дәріптейтін, оқушылардың шығармашылығын ашатын көптеген мерекелік және танымдық шаралар ұйымдастырылады.
Барлық оқушылар мен ата-аналарды осы мерекелік іс-шараларға белсене қатысуға және өз ұстаздарыңызға ерекше құрмет көрсетуге шақырамыз!

