Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

«Келешек мектебімізде» Сіздерді 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтетін «Мұғалім – ұлт шамшырағы» атты дәстүрлі Педагогикалық апталыққа шақырады!

Бұл апталық — ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин айтқандай, «мектептің жүрегі» болып табылатын, қадірлі ұстаздарымыздың қажырлы еңбегіне тағзым етуге арналған ерекше уақыт.

29 қыркүйек күні «Үздік педагог күні» ретінде аталып, мынадай іс-шаралармен басталады:

- «Мұғалімге шын жүректен» атты мерекелік челлендж.

- Мектеп ұстаздарының арнайы жасаған кәсіби көрмесі.

Апта бойы біздің мектепте ұстаздардың шеберлігін дәріптейтін, оқушылардың шығармашылығын ашатын көптеген мерекелік және танымдық шаралар ұйымдастырылады.

Барлық оқушылар мен ата-аналарды осы мерекелік іс-шараларға белсене қатысуға және өз ұстаздарыңызға ерекше құрмет көрсетуге шақырамыз!