Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Құрметті ата-аналар!

Мектеп әкімшілігі 2025–2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау және қорытынды
аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4, 9, 11 – сынып бітірушілеріне
қатысты маңызды ескертулерді назарға ұсынады:

Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында
мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым
салынады;

Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыруға жол берілмейді;

Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық
заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым
салынады;

Білім алушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шеруіне
шығуға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға және де
басқа да орындарға баруға рұқсат етілмейді;

Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата-аналар тарапынан
мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қаражат жинауға тыйым салынады;

Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтау, тәртіпті және
жауапкершілікті болу әрбір білім алушының міндеті.

Ата-аналар, сіздерден аталған талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың
қауіпсіздігі мен тәртібіне жауапкершілікпен қарауларыңызды, мектеппен
тығыз байланыста болуларыңызды сұраймыз.

Жас ұрпаққа сапалы білім мен жан-жақты тәрбие беру, олардың тұлғалық
дамуына жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз.