Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғаны туралы ескертеді.
Алаяқтар iPhone және басқа да бұлттық сервистерді пайдаланушыларға «iCloud жады толып кетті», «аккаунт бұғатталады» деген жалған хабарламалар жіберіп, қауіпті сілтемелерге өтуді ұсынады.
Сілтемеге өткен жағдайда жеке мәліметтер, құпиясөздер мен банк картасының деректері алаяқтардың қолына түсуі мүмкін.
Осыған байланысты:
• күмәнді сілтемелерге өтпеу;
• жеке деректерді бөгде сайттарға енгізбеу;
• ақпаратты тек ресми қосымшалар мен сайттар арқылы тексеру;
• екі факторлы қорғанысты қосу ұсынылады.
Сақ болыңыздар және интернет қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!


