Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектебімізде әлеуметтік қолдауды қажет ететін білім алушыларға көмек көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік осал санаттағы және көмекке мұқтаж балаларға жаңа оқу жылын қажетті құрал-жабдықтармен қарсы алуға қолдау көрсету, олардың білім алуға деген мүмкіндіктерін арттыру.

Акция аясында жалпы 708 000 теңге көлемінде қаражат пен көмек жиналды. Жиналған қаражат төмендегідей бағыттарға жұмсалды:

  • 305 000 теңге – кеңсе тауарлары мен оқу құралдарына;

  • 240 000 теңге – мектеп формасына;

  • 163 000 теңге – оқушыларға қаржылай көмек көрсетуге бағытталды.

Нәтижесінде 20 білім алушыға қажетті әлеуметтік көмек көрсетілді.

Акцияға белсенді атсалысып, балаларға қолдау көрсеткен демеушілерімізге алғысымызды білдіреміз. Атап айтқанда, «Allur» компаниясына, «Халық Банк» АҚ, жеке кәсіпкер Д.И Мурзахметовке, мектеп ұжымы, Қамқоршылық кеңесі және еріктілерге шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Балаларға қуаныш сыйлап, олардың сапалы білім алуына жағдай жасауға үлес қосқан барша демеушілер мен қайырымды жандарға алғыс айтамыз!

Бірге жасалған жақсылық – бала болашағына салынған инвестиция!