Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы
whatsapp image 2025-05-30 at 11.24.00.jpeg
whatsapp image 2025-05-30 at 11.52.28.jpeg
whatsapp image 2025-05-30 at 11.54.23 1.jpeg
whatsapp image 2025-05-30 at 11.54.23.jpeg
whatsapp image 2025-05-30 at 11.56.42.jpeg
whatsapp image 2025-05-30 at 11.56.43.jpeg
whatsapp image 2025-05-30 at 11.56.45.jpeg
previous arrow
next arrow

Бүгінгі педагогикалық кеңес: Болашаққа бағыт

27 тамыз, мектебімізде жаңа оқу жылы қарсаңында маңызды педагогикалық кеңес өтті. Жиынға "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты" филиалының директоры Мусабекова Гульвира Айдархановна және қалалық білім бөлімінің әдіскерлері қатысып, құнды пікірлерімен бөлісті.

Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде келесі маңызды мәселелер талқыланды:

  • Мектептің стратегиялық дамуы және "Келешек мектептері" жобасы аясындағы жаңа бағыттар.
  • Білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі аспектілері.
  • "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының мәселелері.
  • Жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктері. Соның ішінде бастауыш сыныптарда ЖИ-ді қолданудың маңыздылығы мен ағылшын тілі сабағындағы жаңа тәсілдер қарастырылды.
  • "Педагог мәртебесі – сапалы білім кепілі" тақырыбы аясында мұғалімдердің кәсіби дамуы.
  • "Академиялық адалдық: білімнің негізі мен болашағы" мәселесі.

Жиын барысында мектептің алдағы даму стратегиясы, оқу-тәрбие процесіндегі жаңашылдықтар, оның ішінде жасанды интеллектті тиімді қолдану жолдары жан-жақты талқыланды. Бұл кеңес мектебіміздің ұжымы үшін жаңа оқу жылына дайындықтың маңызды кезеңі болды.

Кеңес соңында барлық педагогтар жаңа оқу жылына үлкен сеніммен және тың серпінмен қадам басуға дайын екендіктерін көрсетті.


Ашық есік күні: біздің болашағымыз – біздің мектебіміз!

28.08.2025 жылы Қостанай қаласының № 31 мектебі ашық есік күнін өткізіп, қонақтарды жоғары көңіл күймен қарсы алды. Оқушылардың ата-аналары мен қала тұрғындары мектеппен және педагогтармен таныса келе, балаларға жасалған жағдайларды өз көздерімен көріп, сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 2025 жылғы

15 қаңтарда есігін айқара ашқан жаңа мектеп — бұл жай ғана білім ордасы емес, бұл болашаққа көшбасшыларды тәрбиелейтін орталық.

Жобалық қуаттылығы 1200 оқушыға арналған бұл мектеп, бүгінде 1000-нан астам оқушы үшін білім мен ұлттық құндылықтардың үйлесімі жарасқан ордаға айналды.

«Келешек мектептері» жобасының заманауи техникалық жабдықталуы ХХІ ғасырдың негізгі дағдыларын: аналитикалық ойлау мен IT-құзыреттіліктен бастап зерттеу және шығармашылық қабілеттерге дейін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Салынып жатқан мектептер заманауи талаптарға сай интерактивті және пән кабинеттерімен жабдықталған, оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін жарқын дизайнымен ерекшеленеді.

Биология, физика, химия және информатика пәндік кабинеттерінде, STEM-зертханада барлығы оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамытуға және білім сапасын арттыруға бағытталған.

Мектебіміздің ең басты байлығы – жаңа оқу жылына толық дайын 66 білікті педагог. Олардың әрқайсысы оқушыларға сапалы білім беруге, олардың бойындағы талантты ашуға және жан-жақты дамуына үлес қосуға дайын.

Мектептегі барлық оқушылар қосымша білім берумен толық қамтылған. Олардың арасында заманауи робототехника үйірмесінен бастап, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін терең ұғынуға бағытталған этно-бағыттағы сабақтарға дейін бар.

Жайлы коворкинг-аймақтар, белсенді және тыныштықта демалуға арналған орындар, мемлекеттік тілдегі кітаптардың үлкен қоры бар заманауи кітапхана және екі спорт залы оқушылардың жан-жақты дамуына жасалған.

Оқушының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға, халқымыздың салт-дәстүрлеріне, тіліне және мәдениетіне деген құрмет пен сүйіспеншілікті дарытуға ерекше көңіл бөлінеді.

   
Біз туралы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №31 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Төлқұжаты

Мектеп басшысы

Баяхметова Орынкул Балгабаевна

Құрылған жылы

2024 жыл, желтоқсан

Мектептің мекен - жайы

Береке шағын ауданы 81 уч.

Мектептің жобалық қуаты

1200 орын

Мектеп ғимаратының жалпы ауданы

Ғимарат - 12 976,24 кв м

2024 жылғы ғимарат

Жер участкесі 2,77 га

Контингент

1195 оқушы

МДС сыныптар - 75

1 - 4 сыныптар - 604;

5 - 9 сыныптар - 453;

10 - 11 сыныптар - 63.

Оқыту тілі

Қазақ тілінде

Ауысым

1 ауысым - 48 сынып - комплект: 1 - 11 сыныптар,

МДС (мектепалды даярлық сыныбы) - 3

Материалдық база

1. Оқу кабинеттері - 57, онын ішінде

2. Компьютер кластары - 4

3. Спортзал - 2

4. Мәжіліс залы 1/260 орын

5. Асхана - 1/336 орын

6. Кітапхана оқу залымен 1 /19 отыру орындары

7. Процедуралық кабинет - 1

8. Медициналық кабинет - 1

9. Психолог кабинеті - 1

10. Әдістемелік кабинет - 5

11. Хореография залы - 1

14. Арнайы кабинеттер -12

15. Интерактивті тақталар - 57

Педагог кадрлардың сапалық құрамы

Педагогтер саны - 85

Оның ішінде:

Педагог - мастер - 3

Педагог - зерттеуші - 22

Педагог - сарапшы - 13

Педагог - модератор - 29

Педагог - 18

44.78 %

Тамақпен қамту

Ыстық тамақпен қамтылған білім алушылар саны

100 %

Оның ішінде тегін ыстық тамақпен

601 (1 - 4 сынып оқушылары)

Оқушылардың білім сапасы

2024 - 2025 ж.

65,6% (85 үздік, 399 екпінді)

2025 - 2026 ж. (1 тоқсан)

58,7% (116 үздік, 435 екпінді)

Кітап қоры

Жалпы кітап қоры

13608

Жаңа буын оқулықтары

12633

Оқулықтармен қамтамасыз ету пайызы

100%

Қорғаншылық және қамқоршылық

Аз қамтылғандар (АӘК)

11

Қамқоршылық

1

Патронат

0

Материалдық - техникалық база

Лингафон кабинеті

жоқ

Компьютерлердің болуы

133 компьютер, 104 ноутбук, 0 планшет

Интерактивті жабдық

57 дана. (57 интерактивті панель)
Толығырақ

Пайдалы ресурстар

Біз картада